«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы» тақырыбында семинар өткізілді

«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы» тақырыбында семинар өткізілді

17 қыркүйек күні Абай облысының нотариаттық палатасында Абай облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің қызметкері облыстың нотариустарына семинар өткізді. Іс-шараның тақырыбы – 2004 жылғы 10 наурыздағы № 531 Қазақстан Республикасының «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңы.

Семинар барысында нотариустарға аталған Конвенцияның негізгі ережелері түсіндіріліп, мемлекеттер арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті жүзеге асыру тәртібі қарастырылды.

Атап айтқанда, нотариустардың тапсырмаларын шет мемлекеттердің құзыретті органдарына жолдау тәртібіне қойылатын талаптарға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға құжаттарды рәсімдеу мен жолдау кезінде іс жүргізу нормаларын, құжаттардың дұрыстығы мен орындалу мерзімдерін қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.

Осындай іс-шараларды өткізу нотариустардың құқықтық білімдерін нығайтып, халыққа көрсетілетін заң көмегінің сапасын арттыруға ықпал етеді.