15 қыркүйекте Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен тауар белгілерін заңсыз пайдалануға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тауар белгісін қорғау саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, оларды мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ бөтен брендтерді заңсыз пайдаланудың салдары түсіндірілді.
Мамандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабында және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңда көзделген әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Кәсіпкерлерге өз тауар белгілерін тіркеу, брендтерді қорғау және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзудың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.