Полицияға хабар беру енді онлайн!

Полицияға хабар беру енді онлайн!

Полицияға хабар беру енді онлайн!

Ішкі істер министрлігі жаңа цифрлық сервис – «Заң және Тәртіп» жобасын іске қосты.
Ол Egov Mobile қосымшасында қолжетімді басты беттегі арнайы иконка арқылы.

Бірнеше рет басу арқылы мынадай жағдайларды хабарлай аласыз:
 қоғамдық тәртіптің бұзылуы
 тұрмыстық зорлық-зомбылық
 жол-көлік оқиғалары және басқа да жағдайлар

Полицияға сигнал бірден түседі де, жедел әрекет ету басталады.
Сервис тәулік бойы, еліміздің барлық аумағында жұмыс істейді. Сонымен қатар, кейбір банк қосымшаларында да қолжетімді.

Жобаның мақсаты – азаматтар мен полиция арасындағы өзара байланысты жеңілдету, көмекке қолжетімділікті арттыру және әрекеттің жеделдігін қамтамасыз ету.