15 тамыз күніАбай облысының адвокаттар алқасының алаңында Қазақстан Рес публикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы өтті.
Бұл күні барлық қала тұрғындары мен қонақтары адвокаттардан түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алды.
Акцияға Абай облысы Әділет департаменттің бірінші басшысы Ернар Сейдімбек қатысып, мұндай іс-шаралардың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық кеңесті «Әділет» порталындағы цифрлық көмекші арқылы да онлайн алуға болатыны еске салынды.
Бұл сервис тәулік бойы (24/7) қажетті құқықтық ақпаратты табуға және жиі қойылатын сұрақтарға автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік береді.