Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өтті

13 тамыз күні Абай облысының нотариат палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өтті.
Бұл күні барлық қала тұрғындары мен қонақтары нотариустардан түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алды.

Тұрғындар мұрагерлікті рәсімдеу, мәмілелерді куәландыру, сенімхаттар дайындау және өзге де нотариаттық әрекеттерге қатысты сан түрлі сұрақтармен жүгінді.

Акцияға Абай облысы Әділет департаменттің бірінші басшысы Ернар Сейдімбек қатысып, мұндай іс-шаралардың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық кеңесті «Әділет» порталындағы цифрлық көмекші арқылы да онлайн алуға болатыны еске салынды.
Бұл сервис тәулік бойы (24/7) қажетті құқықтық ақпаратты табуға және жиі қойылатын сұрақтарға автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік береді.