"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде есепке алынбайтын атқарушылық сипаттағы қаулыларды жолдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде есепке алынбайтын атқарушылық сипаттағы қаулыларды жолдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында Әділет департаментінің және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерімен бірлесіп, жеке сот орындаушыларының "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде есепке алынбайтын атқарушылық сипаттағы қаулыларды жолдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша сот орындаушыларын атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша қаулыларды қолданыстағы электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жіберу қажеттілігі туралы бағдарлау, оларды "Е-Өтініш"ақпараттық жүйесі арқылы жіберуді болдырмау туралы шешім қабылданды.