«Виртуалды кеңесші»

«Виртуалды кеңесші»

Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында Әділет министрлігі AdiletGov мобильдік косымшасын іске қосты. Осы қосымшаның көмегімен Сіз атқарушылық іс жүргізудін барысы туралы өзекті ақпаратты алу, қабылданған шаралармен танысу, өтініштер, арыздар мен шағымдарды жолдау, сондай-ақ олардың қаралу мәртебесін көре аласыз.

Құқықтық кеңесті Call-center (Құқықтық ақпарат қызметінің) 119 қысқа нөмері аркылы (Қазақстан Республикасы бойынша стационарлық телефон арқылы), және Telegram мессенджеріндегі 119 Kenesbot арнасы, сондай-ак, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтындағы «Виртуалды кеңесші» айдары арқылы да (http://adilet.zan.kz/rus) алуға болатынын қосымша хабарлаймыз.