Мейрамхана бизнесінің өкілдері үшін «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару»тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

Мейрамхана бизнесінің өкілдері үшін «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару»тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

23 шілдеде Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері мейрамхана бизнесінің өкілдері үшін «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару»тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Кездесу барысында «авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»Қазақстан Республикасы Заңының ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, музыкалық шығармаларды және зияткерлік меншіктің өзге де объектілерін коммерциялық мақсатта пайдалану кезіндегі кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері түсіндірілді.
Қатысушыларға мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметі, лицензиялық шарттар жасасу тәртібі, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат жеткізілді.
Соңында қатысушыларға зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіре отырып, ақпараттық буклеттер мен әдістемелік материалдар табыс етілді.