2025 ж. 22 шілде ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Данна Муратова Абай облысы бойынша филиалының «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Семей қаласының және Жаңасемей ауданының АХАТ бөлімдерінің қызметкерлеріне азаматтық хал актілерін қалпына келтіру мәселелері бойынша, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенциялар мәселелері тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Минск және Кишинев Конвенциялары бойынша азаматтық хал актілерін талап ету бойынша сұраныс хаттарын рәсімдеу тәртібі бойынша, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Семинардың мақсаты: қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, сапаны арттыру, мерзімдерін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету саласында негізсіз бас тартуға жол бермеу.
Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.