«Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалында халықпен кездесу өткізілді

«Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалында халықпен кездесу өткізілді

2025 жылдың 25 маусымында «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру аясында, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқытық сауаттылығын көтеру, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру мақсатында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалында халықпен кездесу өткізілді.
Қабылдау барысында азаматтардан банкроттықты тіркеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, сот актілерін орындау және т.б. мәселелер келіп түсті.

Акция барысында көптеген азаматтар өздерінің барлық сұрақтарына жауап алды және әділет органдарының түсіндіру жұмыстарына риза болды.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.