Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы және «Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» саласындағы тақырыбында азаматтармен кездесу өткізілді

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы және «Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» саласындағы тақырыбында азаматтармен кездесу өткізілді

2025 жылы 19 маусымда Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Семей қаласы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Айнур Төлеуғалиеваның қатысуымен Абай облысы бойынша «Мемлекеттік корпорация «КЕАҚ филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығының № 2 ғимаратында   азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы және «Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» саласындағы тақырыбында азаматтармен кездесу өткізілді.

«Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету және алу тәртібі, сондай-ақ Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметі туралы түсіндірілді.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен бекітілген азаматтарға тууды тіркеу тәртібі, некеге тұру тәртібі мен мерзімдері, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы жаңалықтары түсіндірілді.