✅«Ашық есiк күні» акциясының аясында Абай облысы Әдiлет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейiт, Департамент қызметкерлерiмен және нотариус, жеке сот орындаушы, заң консультантының қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді.
🔷 Қабылдау барысында азаматтар:
кибер алаяқтарға алдану,
алимент төлемдері,
ақылы еңбек демалысы төленбеу, жұмыс үшін төленбеген еңбек жалақысы мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.
🔶 Әрбір мәселе бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық түсіндірулер, сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы түсіндірулер жүргiзiлiп, әрi қарай іс-әрекеттерге қатысты нақты кеңестер берілді.