«Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында семинар өткізілді

«Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында семинар өткізілді

2025 жылғы 18 маусымда коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Абай облысы бойынша филиалының «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ «Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету № 2 бөлімінің қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында өтінішті қабылдау тәртібі және апостиль қоюға арналған құжаттардың тізбесі түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын нотариаттық құжаттарды қабылдау кезінде нотариаттық жазбаның міндетті түрде болуы қажет. Сонымен қатар,  апостиль қою құжаттарын қабылдау тәртібі туралы айтылды (сенімхаттың болуына).

Шетел азаматтары құжаттарға апостиль қоюға жүгінген кезде шетел азаматының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан консулдығына немесе елшілігіне жүгінуді ұсынады.

Сонымен қатар, апостиль қоюға құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың мөрдің ізіне назар аудару.

 Семинардың мақсаты: бас тарту санын азайту.

Семинар қорытындысы бойынша түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шараларды тұрақты негізінде өткізу туралы шешім қабылданды.