«Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді

«Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді

2025 жылдың 25 сәуірінде «Мама знает» компаниясының өтініші негізінде Абай облысының Әділет департаменті «А» жеке кәсіпкеріне қатысты «Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 3 519 000 теңгеге бағаланған 782 қаптама контрафактілік өнім анықталды. Тәркіленген өнімнің сапасы күмәнді және оның шығу тегі ресми құжаттармен расталмағандықтан, бұл құқық иесінің айрықша құқықтарының бұзылғанын көрсетті.
2025 жылдың 26 мамырында сот әкімшілік жауапкершілікке тарту және құқық бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 117 960 (жүз он жеті мың тоғыз жүз алпыс) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.