11 маусымда Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Мама знает» ЖШС құқық иесінің өкілімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тауар белгісін құқықтық қорғау мәселелері, зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын анықтау және жолын кесу тетіктері, сондай-ақ тіркелген тауар белгісімен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгіні ықтимал заңсыз пайдалану фактілері бойынша өзара іс-қимыл талқыланды.
Ақпараттық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында құқық иеленушінің өкіліне тауар белгілерін мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ айрықша құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық буклет табыс етілді.