«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Абай облысының Әділет департаменті қызметкерлері университеттің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Студенттерге қызмет бағыттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы жөнінде дәрісті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Баймағанбетов Нұрсұлтан және Семей қаласының мәжбүрлеп орындауту аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Масалім Мұса оқыды.
Болашақ заңгерлер мен мамандар әділет органдарының қызметімен, заңдылық пен ашықтық қағидаттарымен танысып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы білді.
Студенттердің белсенді қатысуы мен ашық сұхбат жастардың адалдық, әділеттілік және құқықтық тәртіп құндылықтарын қолдауға дайын екенін көрсетті.