«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық  акциясы өткізілді


2025 жылдың 30-мамыр күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Абай облысының Әділет департаменті нотариустардың, адвокаттардың, заң консультанттарының және сот орындаушыларының қатысуымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық ауқымды акциясын өткізді.

Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Науқан барысында азаматтарға кәсіби заңгерлік кеңес, қызықтырған мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптар берілді.

Іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды.