Абай облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Әл-Сейіт Бейсембек Қанайбекұлы Мамырсу және Нарын ауылдық округтерінде азаматтарды қабылдау өткізді

Абай облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Әл-Сейіт Бейсембек Қанайбекұлы Мамырсу және Нарын ауылдық округтерінде азаматтарды қабылдау өткізді

23.05.2025 ж. Абай облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Әл-Сейіт Бейсембек Қанайбекұлының төрағалығымен, Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округі әкімінің аппараты мен Нарын ауылдық округі әкімінің аппаратының қолдауымен, сондай-ақ Мамырсу және Нарын ауылдық округтерінің әкімдерінің, Абай облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Назым Темірбекқызының, Абай облысы нотариалдық округінің нотариусы Әнел Сейітқазықызы Жөкебаеваның, сондай-ақ Абай облысының адвокаттар алқасының адвокаты Серікбек Төлеубекұлы Әбділдиновтің қатысуымен аталған ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары 2024 жылғы және 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы статистикалық мәліметтермен бөлісті. Басшы орынбасары мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан құқықтық сауаттылықты арттыру саясатына, халық арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын күшейтуге, Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылатынын, сондай-ақ түрлі құқық қорғау тетіктерін енгізу арқылы барлық халық топтарының мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекеттің ерекше назар аударатыны айтылды.

Кездесу барысында Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.