
21-шi мамыр күні Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсенбек Әл-Сейiт пен Жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Нұрлан Балтақаев азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жалақы бойынша берешек, алимент төлемдері және көршілес пәтердегі өрт салдарынан мүлікке келген залал мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.
Әрбір мәселе бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жан-жақты түсіндірулер беріліп, ары қарай іс-әрекеттерге қатысты нақты ұсыныстар ұсынылды.