Абай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шараға қатысты.
Шараға «Абай» журналының директоры Шарапиева Райхан Абылмансұрқызы мен бас редакторы Исин Амантай Исаұлы қатысып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында әңгiме қозғады.
Кездесу барысында Ұлы ақынның рухани мұрасы, поэзиясындағы терең философиялық ойлар мен адамгершілік қағидалары туралы баяндалып, қатысушыларға тағылымды мағлұматтар ұсынылды. Абай Құнанбайұлының мұрасы дәріптеліп, департамент қызметкерлерінің қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтары арта түсті.
Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттер ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігің тереңдетеді.