
2025 жылдың 16 мамырында «Өңірлік іс-шаралар жоспары» тақырыбында адам құқықтары мәселелері бойынша сараптамалық кездесу өтті.
Шараға Абай облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанболат Самашев, Департаменттің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айдана Асылканова қатысты.
Iс-шараның мақсаты өңірлік деңгейде адам құқықтарын іске асыру мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және ұлттық стратегиялар аясында нақты ұсыныстар әзірлеу.
Жиынға Абай облысындағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және құқық қорғау қауымдастығының, нотариаттық палатарың, заң консультанттар палатасының және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.