
2025 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Абай облысының адвокаттар алқасының ғимаратында (Семей қ., Қайым Мұхамедханов көшесі, 28) «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы өтеді.
Іс-шара аясында азаматтар адвокаттардан кәсіби кеңес алып, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тетіктерімен таныса алады.
Акцияға Абай облысының Әділет департаментінің басшысы қатысады.
Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатын көздейді.