Абай ауданы бойынша Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығынасәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 9 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Абай аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.
Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2025 жылғы 8 ақпаныннан 2025 жылғы 21 ақпанына дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ге дейінгі үзілісі бар уақытта Құнанбай көшесі 14, 21 каб. мекенжайы бойынша, maslihatabay@mail.ru, электронды поштасы арқылы қабылдайды.
|
Абай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасына |
Өтініш
Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін өз кандидатурамды ұсынамын. Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
2025 жылғы "____" ақпан Өтініш берушінің қолы ___________