Абай аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Абай аудандық  мәслихаты Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Абай аудандық  мәслихаты Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

 

Абай аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Абай ауданының  Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 5 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек. Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің  жалпы  санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматардың ұсынысы негізінде жасақталады.

Абай аудандық  мәслихаты 2025 жылдың 29 қаңтарына дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, жоғарыда көрсетілген мерзімде Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ге дейінгі үзілісі бар уақытта, maslihatabay@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды.

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

 

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

 

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ______