Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қатынасы, шаруа қожалықтарына электр желісін тарту, медициналық қызмет көрсетуге байланысты мәселелерді көтерді.

Семей қаласының тұрғындары Репин көшесіне көпір салу, Шығыс кентінің жолдарын жөндеуге қатысты ұсыныстарын айтты.

Облыс әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшылары мен қала-аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Кейбір күрделі мәселелердің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құру қажеттігін жеткізді. Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.