Абай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық акциясы жалғасуда. Аймақ тұрғындары апта сайынғы сенбілікке белсенді қатысып жатыр.
Көкпекті ауданында тазалық акциясы кең ауқымда өтті. Аудан бойынша 2200-ден астам тұрғын, 63 мекеме (оның ішінде 14 кәсіпорын) белсене атсалысты. Тазалық жұмысына 36 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 1800-ден астам аула, 15 саябақ, 26 арық тазартылды және 47 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Аягөз ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сенбілікке 3 мыңнан астам адам (әртүрлі мекеме қызметкерлері, жастар) қатысты. 65 техника жұмылдырылып, көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен су айдындарының маңайы тазартылды. Аудан аумағынан 780 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар шығарылды.
Сондай-ақ, Аягөз
қаласындағы бірнеше көшеге тегін контейнерлер қойылды. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, мұндай контейнерлер шаһардағы барлық жер үйлердің жанына орнатылады.
Айта кетейік, аймақта 5 сәуірден Президенттің "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.