
Жаңасемей ауданының Приречный ауылында 60 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай жабдықталып, қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілген. Балалардың жан-жақты дамуына арналған оқу бағдарламалары мен ойын алаңдары қарастырылған.
Балабақшада тәрбие беру және оқыту процесін білікті мамандар жүргізеді. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы, ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа мекеменің іске қосылуы мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттырып, ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар, жақын арада Қайнар ауылында да заманауи балабақша ашу жоспарлануда.
Өткен жылы Озерки ауылында 70 орындық жаңа балабақша ашылған болатын.