Көкпекті ауданында шаруашылық құрылымдарының және кәсіпкерлердің ортақ қоры ашылды

Көкпекті ауданында шаруашылық құрылымдарының және кәсіпкерлердің ортақ қоры ашылды

Іс — шара аудандағы өмір сүру сапасын жақсарту үшін бизнес өкілдері, фермерлер мен жұртшылықты бір ортақ мақсатпен біріктірді.

Шарада ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері ауданның дамуына ат салысуға дайын екендіктерін жеткізді. Қор бұқаралық спорттық-мәдени шараларды қаржыландырып, түрлі бастамаларға демеушілік көмек көрсетеді. Сондай-ақ қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға да қолұшын созбақ.

Жас мамандарды қолдау мен оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл болашақта ауданды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт.

Бастама өндіріс көрсеткіштерін жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, экономикалық өсу және әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.