
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға өсті және 634,1 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 10-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,8%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 53,3%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 23,7%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 34,8%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 72,6%-ын азық-түлік емес тауарлары, 27,4%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 483,3 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының76,2%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 6,3%, Жарма ауданына –5,3%-дан, Үржар ауданына –2,1%-дан,Бородулиха ауданына -2,1% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,2% (Курчатов қаласы) 1,0%-ға дейін (Абай ауданы) , 1,0%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,3%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,0%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанында көтерме сауда көлемі 392,2 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 114,7% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 72,2%-ды, азық-түлік тауарлары – 27,8%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы