Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралады. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін қуаты сағатына 21,5 Гкал болатын блокты-модульді қазандықтың құрылысы жалғасуда.
Қазіргі уақытта барлық 10 қазандықты монтаждау аяқталып, №3 көтергіш-сорғы станциясы іске қосылды. Қазандықты электрмен жабдықтау, отын қоймасының металл құрылымдарын, қазандық ғимаратының қабырғаларын және қондырғыларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның дайындық деңгейі 75% құрайды. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жобаны іске асыру 44 көпқабатты үйді, 1200 орындық мектепті, сондай-ақ басқа да әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс әкімі орынбасары мердігерге құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.