2024 жылғы қаңтар-қарашадағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2024 жылғы қаңтар-қарашадағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 779,7 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қатысты алғанда 100,2%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,2%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,6%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-қарашада тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  1 231,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,9%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 0,6%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қарашада 494,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,2%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 16,7%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,0%-ға байқалды.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 46,2 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 114,8%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 23,2%-ге өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 7,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 15,2%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 35,3%-ға, ағынды суларды жинау және тазарту –  2,4%-ға байқалды.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 49,8%-ы), Жарма ауданында – 20,2%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,9%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді.

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

 

Орындаушы:  өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысы

Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы