Құрметті Zakon.kz ұжымы!

Құрметті Zakon.kz  ұжымы!

Сіздерді 25 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер ширек ғасыр бойы қазақстандық қоғамның сенімді ақпараттық серіктесі ретінде елдің дамуына үлес қосып келесіздер. Объективтілік және шынайы дереккөздерге негізделген ақпараттарыңыз оқырмандарыңыздың құрметіне ие болды.

Zakon.kz – тек ақпарат таратушы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пікір қалыптастырушы маңызды алаң. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз медиа саласының өркендеуіне елеулі үлес қосуда.

Бүгінгі мерейлі күнде интернет басылымның негізін қалаушылардан бастап, қазіргі уақытта адал еңбектеніп жүрген барша қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да Zakon.kz жаңа биіктерді бағындырып, маңызды әрі сапалы ақпараттардың жаршысы боларына сенім мол.

Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер, тұрақты даму мен жаңа оқырмандар тілеймін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев