Абай облысының «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды

Абай облысының «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды

Жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысының финалында осы жылы алты команда өнер көрсетті.

Абай облысынан шыққан «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Команда осыған дейін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері, Семей қалалық лигасы және Ертіс Номад лигасының чемпионы атанған еді.