2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы

2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы
   

 

www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

№1038

2024 жылғы 15 қараша

2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы 

2024 жылғы 1 қазанына Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 604,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 373,5 мың (61,8%), ауылдықтар – 231,0 мың адам (38,2%). 2024 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,1 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.

Халықтың табиғи қозғалысы

2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте Абай облысы халқының табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда (3581 адам) 12,3%-ға өсіп, 3142 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,93 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте туылғандар саны 7231 адамды құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,9%-ға аз (7521). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  15,95  туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 4089 адамды құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар - қыркүйекке қарағанда 3,8%-ға аз (3940 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,02 қайтыс болғандарды құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 1 жасқа дейін шетінеген 58 нәресте тіркелді және 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (44 шетінеген нәресте) 3,8% есе көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,02 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2024 жылы 9 айында облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 8986 адамды, елімізден кеткендердің саны - 15197 адамды,  көші-қонның айырымы – 6211 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД  мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-66 адам, ал  сол елдерге кеткендердің - 373 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 74,2%  және 84,6% құрады.  Осының келгендермен  және кеткендердің көп бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі, 58 адам  келіп және 373 адам көшіп кеткен.

Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 23 адам құраса, кеткендер саны - 68 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен мен Моңғолиямен оң сальдо қалыптасты.

Облыс  ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 8897 адамға азайған, келгендер - 14756 адам құраса, кеткендер -  5859 адам құрады.

_________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсіндірмелер

Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.

Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.

Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.

Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.

Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.

Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.

Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.

Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика

 

Орындаушы әлеуметтік және демография статистикасы

бөлім басшысы:

С.А. Кондратьева

Тел. +7 7222 36-25-49

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы