Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
   

 

www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

№1034

2024 жылғы 15қараша

 

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

 

2024 жылғы қаңтар-қазанындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті және 460,8млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 10-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.

Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 61,7%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 19,4%-ға көбейді.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 38,2%-ын құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,4%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,6%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 351,1 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының76,1%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,8%, Жарма ауданына –4,7%-дан, Үржар ауданына –2,3%-дан,Бородулиха ауданына -2,5% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,2% (Курчатов қаласы) 1,0%-ға дейін (Абай ауданы) , 1,0%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,4%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,0%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,7%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

2024 жылғы қаңтар-қазанындакөтерме сауда көлемі 290,2 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 114,1% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 71,1%-ды, азық-түлік тауарлары – 28,9%-ды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы

 

Орындаушы:

Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің  басшысы: Г.Т.Толегенова

Тел. +7 7222  362612

Баспасөз қызметі:

А.Б.Исатова

Тел. +7 7222 565732

 

Адрес:

071400, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Абай  облысы бойынша департаменті