2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
   

 

www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

№ 1039-ІҚ

2024 жылғы  15  қараша

 

2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

 

2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 610,6 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейге қатысты алғанда 100,8%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,3%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  1 115,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,4%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,3%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қазанда 447,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,9%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 28,2%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,3%-ға байқалды.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 40,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 116,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 24,1%-ге өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 6,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 17,0%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 36,5%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде –  0,6%-ға байқалды.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,2%-ы), Жарма ауданында – 19,9%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,7%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді.

 

 

 

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

 

Орындаушы:  өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы

А.Т.Майкибаева

Тел. +7 7222 52-49-18

Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы

Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы