Жаңа аудандардың өзекті мәселелері талқыланды

Жаңа аудандардың өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен жаңадан құрылған Мақаншы, Жаңасемей аудандарындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында аталған аудан басшылары аймақ басшысына бірнеше өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Жаңасемей ауданында кадр мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазір Жаңасемей ауданында 6 бөлім құрылып, әділет органдары тіркеуінен өткен.

Ауданда екі пәтерлі 17 үй салу және Шүлбі кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту жоспарлануда. Осы жобалар аяқталғаннан кейін 77 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шақаман, Озёрка және Көкентау ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін ЖСҚ әзірленді.

Мемлекеттік қызметкерге сұраныс Мақаншы ауданында да бар. Аталған ауданның мемлекеттік және бюджеттік мекеме мамандарын баспанамен қамту, Мақаншы ауылындағы ауызсу жайы, «Мақаншы» КММ материалдық-техникалық базасын қайта жаңғырту бойынша мәселелерді шешуге ықпал етуін сұрады.

Мақаншы ауылында бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін қоғамдық кеңістіктің жаңа аймағын салу ұсынылады. Алакөлдің оң жағалауында жаңа демалыс аймағын салу жоспарлануда.

Облыс әкімі осы мәселелер бойынша тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, аудандарға барынша көмектесуді тапсырды.