Халықаралық чемпионатта облыс студентері үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді

Халықаралық чемпионатта облыс студентері үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді

Біріккен Араб Әмірліктері Абу Даби қаласында  XY халықаралық Emirates Skills жарысы өтті. «Робототехника» құзіреттілігінен Worldskills International халықаралық чемпионат талаптарына сәйкес жаңартылған модульдері бойынша Қазақстан Республикасы, Австрия және Біріккен Араб Әмірлігі командалары жиналды. 

Австрия елі 700 баллмен күміс, Біріккен Араб Әмірлігі 637 баллмен қола иеленсе, Қазақстан намысын қорғаған Абай облысының Радиотехника және байланыс колледжі студенттері Тимур Бабенко және Эльнар Жусабаев ең жоғары 720 балл көрсеткішпен алтын медаль жеңіп алды.

Облыс студенттері үздік көрсеткіш көрсетіп, еліміздің туын халықаралық додада желбіретті. 

Айта кетейік, БАӘ-де өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионатқа 26 құзіреттілік бойынша 17 ел қатысты.