2023 жылғы Абай облысындағы дүниеге келгендер туралы мәлімет

2023 жылғы Абай облысындағы дүниеге келгендер туралы мәлімет

Абай облысында 12 айда 9930 сәби (10833 – 2022 ж.) дүниеге келді, оның 52,1% – ұлдар, 47,9% – қыздар. 6435 бала немесе туылғандардың 64,8% қалалық жерде туылса, қалған 3495 бала, яғни 35,2% – ауылдық жерде дүниеге келген.

Бала туудың 2023 жылы  жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,31 құрады, 2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 17,73 болған. Туудың ең жоғары деңгейі Аягөз ауданында (1000 тұрғынға 19,46 адам) және Ақсуат ауданында  (1000 тұрғынға 17,71 адам) байқалды.

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығындағыларда – 27,2%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 240 бала, 50 жастан асқандар 2 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 30,2 жасты құрады.

Туылған балалардың 24,6% – 2448 отбасында екінші бала боп туған, отбасында сегізінші бала болғандардың саны 25, ал оныншы 1 бала болды .

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.

 

Орындаушы енбек, тұрмыс денгейі және әлеуметтік демография статистикасы бөлім басшысы

К.К. Каканов

Тел. +7 7222 36-25-49

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы