«Жасыл аймақ» апталығы Қайнар ауылында көшеттер егумен жалғасты

«Жасыл аймақ» апталығы Қайнар ауылында  көшеттер егумен жалғасты

Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы Жаңасемей ауданына қарасты Қайнар ауылында өтті.

Осы күні орталық аллея, Қайнар мәдениет үйі және мектеп ауласына көшеттер егіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Оған аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаты, ауыл ақсақалдары, аналар кеңесінің мүшелері, көпбалалы аналар, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері Қайнар ауылында сенбілік бірнеше рет ұйымдастырылып, орталық және шет аймақтағы көшелер тазаланып, ағаш түптері әктелді. Елді мекендегі бұлақтардың көздері ашылып, тарихи орындар абаттандырылды.

«Жасыл аймақ» апталығы алдағы уақытта барлық елді мекендерде жалғасатын болады.