Облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» эко-акциясына белсенді қатысуда

Облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» эко-акциясына белсенді қатысуда

Облысымыздың қалалары мен аудандарында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде эко-іс-шаралар жалғасып жатыр.

Мәселен, Үржар ауданында көшеттер отырғызу, әктеу, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл науқанға аудан бойынша 16 ауылдық округтен 5000-ға жуық адам қатысты. Акция барысында 4930 көшет отырғызылып, 5460 тал ақталды. 58 техниканың күшімен 985 текше метр қатты қалдықтар шығарылды. Іс-шараға 60 мекеме мен ұйымның ұжымдары белсенді қатысты.

Көкпекті ауданының Көкжайық ауылдық округінде де тұрғындар жаппай сенбілікке шықты. Оған мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, оқушылар мен тұрғындар қатысып, аумақтар мен көшелерді тазалау, ағаштарды әктеу және металл конструкцияларын сырлау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке барлығы 300-ден астам адам қатысты.

Бесқарағай ауданында ескерткіштер тазаланып, барлық киелі орындар, алаңдар аумағы абаттандырылды. Акцияға 300-ден астам адам тұрақты түрде қатысады.