Бесқарағай колледжінде жылыжай ашылды

Бесқарағай колледжінде жылыжай ашылды

Ғимараттың ауданы – 510 шаршы метр, биіктігі – 5 метр. Жылыжай күн энергиясы және электр қазандығымен жұмыс істейтін жылыту жүйесіне қосылған.

Жылыжайда оқу және өндірістік жұмыстар, сондай-ақ зертханалық тәжірибелер қыс мезгілінде де жүргізіледі. Мұнда гүлдердің әр алуан түрлері өсіріледі, олар шырайгүл, цинерария, барқыт. Сондай-ақ, көкөністерден қияр, қызанақ, бұрыш, баялды және салат жапырақтары бар. Өсімдіктер тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіріледі.

Жылыжай «Орман шаруашылығы», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандықтарында білім алатын студенттер үшін оқу-өндірістік зертханасы ретінде таптырмас орын. Жылыжайдың бір бөлігі ландшафты дизайн орталығы ретінде бейімделіп, онда студенттер World Skills кәсіби жарыстарына дайындалады. Одан бөлек оқытушылар жылыжайды тәжірибе алаңы ретінде пайдалана алады.

Айта кетейік, бұл құрылыс 2023 жылы пайдалануға берілген болатын.