Ақсуат ауданында агропарк жаңартылып жатыр

Ақсуат ауданында агропарк жаңартылып жатыр

Соңғы 7 жылда ауданда әртүрлі маркадағы 143 бірлік трактор және 264 бірлік қосалқы агрегат сатып алынған.

Ауылшаруашылығы техника паркын жаңалау мақсатында 2023 жылы ауданның шаруашылық құрылымдары «Лизинг» бағдарламасымен  «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО мен Абай облысы филиалы арқылы және шаруа қожалық құрылымдарының өз қаражаты есебінен  жиыны 25 бірлік әртүрлі маркадағы трактор, 26 бірлік қосалқы қондырғы сатып алынды.

2024 жылы ауылдық округтерге 25 жаңа трактор сатып алу жоспарланып отыр. Осыған орай аудан әкімі Асхат Смайылов ескірген немесе жетіспейтін техникаларды анықтаған шаруашылықтарға жан-жақты талдау жасап, аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңартуды тапсырды.