
Абай облыс әкімінің төрағалығымен Абай облысында іс-шараларды ұйымдастыру, жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мәселесі жөніндегі облыстық штаб отырысы өтті.
Қазіргі таңда облыс халқының 88% сақтандырылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. A, B, C, D, E әрпінің ретімен тізім құрастырылып жатыр.
Нұрлан Ұранхаев денсаулық сақтау басқармасына ұйымдармен бірлесе отырып, сақтандыру процесін толық бақылауға алып, ақпараттық қызметті күшейтуді тапсырды.