Абай облысында бірінші сыныпқа баратын балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді
2023-2024 оқу жылында облыс көлемінде 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016 - сы Семей қаласына тиесілі.
1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.
Естеріңізге салсақ, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ, балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.