
Конкурстың ұйымдастырушысы: «Абай обылысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Орналасқан жері: Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 1
Байланыс тел.: +7(771) 905-77-77 (Мурат), 8 (701) 183-28-77 (Адилет), 8 (707) 573-14-35 (Алинур);
Конкурстың мәні: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру
Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін.
Бюджет: 100 млн. теңге.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.Kezekte.kz) сілтемесі бойынша беріледі.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2023 жылғы «10» шілдеден бастап, 2023 жылғы «15» шілдені қоса алғанда. Kezekte.kz КҚО.
Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының белгіленген шарттарына сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik
Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:
«Абай обылысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, мекенжайы: Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 1, тел. +7(771) 905-77-77 (Мурат), 8 (701) 183-28-77 (Адилет);
Кәсіпкердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы
электрондық өтініш беру тәртібі
«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
2) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
3) ЖК/ШҚ екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.
Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.
Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады, заңды тұлғалардан (ЖШС) басқа.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты аспауы қажет.
«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;
3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).
Ереженің 22 тармағына сәйкес кәсіпкер туралы мәліметтер, оның дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер бюджет, жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер, отбасы құрамы туралы мәліметтер, "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады. Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.
Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.