Жуық арада Семей қаласының сол жағалауындағы көпір астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі

Жуық арада Семей қаласының сол жағалауындағы көпір астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуға жақын. Аспалы көпір астында муралдар бейнеленіп спорттық алаңдар жасақталған. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орнына айналары сөзсіз.

Айта кетейік, көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлініп, онда воркаут алаңқайлар, фитнес аймақ, балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілді.

Сурет авторы: Ахмет Чукеев