Бородулиха ауданымен шекара маңында орналасқан Батпаев орман шаруашылығында орман өрті орын алды

Бородулиха ауданымен шекара маңында орналасқан Батпаев орман шаруашылығында орман өрті орын алды

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары «Семей орманы» ММ-нің аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға көмектесуде.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылды. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, қазіргі уақытта өртті ауыздықтауға арнайы техникадан бөлек бір тікұшақ жұмылдырылған.
"Шамамен бір сағаттан кейін Өскеменнен сөндіру жүйесі бар екінші тікұшақ келеді. Орман шетінен қашықтығы 11 шақырым. Ауданы - 20 га. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Соған қарамастан Романовка, Камышенка елді мекендерінің шекарасында жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
Ауа райы жағдайы: +34 градус, солтүстіктен соққан желдың жылдамдығы 2 м/с.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жайылуының алдын алуға және жағдайды жоюға бар күшін салуда.