«Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры және Samruk Kazyna Trust қорының қолдауымен, Астана қаласында 1-4 маусым аралығында боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен “Children Paralympic Games“ спорт фестивалі өтті. Бұл паралимпиадалық спорт түрі бойынша ең ауқымды жарыс. Чемпионатқа 10 облыстың 21 қаласынан 350-ге жуық қатысушылары келді. Боччадан чемпионатқа Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нен 10 спортшылар қатысып, оның жасына және диагнозына байланысты төртеуі 1 орынды, төртеуі 2 орынды және екеуі 3 жүлделі орынды иеленді. Атап айтатын болсақ: Кабирова Ажар; Жасуланов Әлижан 1 орын; Азатов Ерасыл 1 орын; Бисултанова Раяна 1 орын; Берік Ақжол 2 орын; Болатбек Ердос 2 орын; Ғалым Фатима 2 орын; Сарсекова Айғаным 2 орын; Еркін Нұрәділ 3 орын; Бақтыбекова Ділдә 3 орын иеленді.