Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылғы 29-30 мамырда Абай облысының білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ әлемі қандай керемет!» атты үш бағыт бойынша флешмобтар өтті

Спорттық флешмоб:

«Бақыт, Күн, Достық - балаларға», «Счастье, солнце, дружба – вот что детям нужно!» (әр түрлі этностардың ойындары, спорттық қозғалмалы ойындар, ритмикалық гимнастика, көше билері және т.б.);

Отбасылық флешмоб:

«Балалар мен ата-аналардың бақыты», «День детей и родительского счастья» (музыкалық отбасы, ән айтатын отбасы, шығармашылық отбасы, спорттық отбасы және т.б.);

Шығармашылық флешмоб:

«Болашаққа бірге!», «Біз әртүрлі болсақ та, біз біргеміз!» «Вместе в будущее!», «Мы разные, но мы равные!» (концерттер, театрландырылған қойылымдар, кездесулер, сурет байқаулары және т.б.).

Флешмобтар балаларды қорғау күнінің ерекше іс-шарасының бірі болды. Балалар мен ересектердің және жасөспірімдердің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселесіне бей-жай қарамайтындардың жүрегін жаулап алды.

Абай облысы бойынша білім беру ұйымдарынан екі күндік флешмоб марафонына барлығы 40570 оқушы, 9500 ата-ана және 1780 мұғалім қатысты.

«Балалық шақ әлемі қандай керемет!» республикалық флешмобы әр баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы достық, жақсылық және бейбітшілік бірлігі сынды құндылықтардан құрылатынын атап өтті.